Поэтому, реализуясь в духовной жизни общества и духовном мире личности, «сознание находит своё выражение в познавательном отношении человека к миру и к себе». Познание становится важнейшей функцией сознания, функцией жинедеятельности человека. Без познания невозможна эффективная практическая деятельность по обеспечению жизнедеятельности человека с перспективой в будущее, а также для обеспечения сохранения и воспроизводства природной среды, воспроизводства «мира бытия человека и самого человека»[188].
Список использованной литературы
III. Ғылми баяндамалар мен мақалар
Қазақстан Республикасының жер қойнауы байлықтарын пайдалану саласында заңдарды қолдану тәжірибесіндегі даулы мәселелер
1. Кіріспе
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Конституциясымен қабылданып, Қазақстанның демократиялық, зиялы, құқықты және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялануы қалыптасқан нарықтық қатынастарды, қоғамдағы демократиялық институттарды бұдан әрі нығайту, халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту мен кеңейту қажеттігін белгілейді. Мемлекеттің ойдағыдай дамуына негіз болып табылатын макроэкономикалық тұрлаулылық дегеніміз саяси шаралармен бірге сыртқы саудада ашықтықты, экспортты ынталандыруды, импорттың шектелуін азайтуды, ұлттық валютамыздың оңтайлы бағамын және сыртқы инвестициялар үшін қолайлы жағдай туғызуды білдіреді.
Осы уақытқа дейін, тартымды инвестициялық орта мен қолданыстағы заңнама нәтижесінде ойдағыдай дамып келе жатырған көмірсутегінің әлемдік бағасы жоғары болған тұста мемлекеттің шикізат саласы ел экономикасының «паровозы» болып табылатыны құпия жағдай емес. Қазақстандағы жер қойнауы байлықтарын пайдалану саласы басымдылықтардың бірі болып қалады, еліміздегі барлық экономиканың жетістігі, көтеріп айтпай-ақ соның дамуына байланысты болады. Өткен онжылдықтың басында жер қойнауы байлықтарын пайдалануға әдейі шетелдік инвестицияны тарту әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жүргізу бойынша ең қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Енді міне, Қазақстан Республикасы бүкіл Евразиялық кеңістікте өзінің саяси және экономикалық мәртебесін мықтап нығайтып, нарықтық институттарын ойдағыдай дамытқан жағдайда, экономиканың осы саласы елдің экономикалық қауіпсіздігінің негізі болып жалғасын табуда. Егер жер қойнауын пайдалану саласының құқықтық реттелуі туралы айтатын болсақ, онда елімізде, жалпы оның озық дамуына негіз болатын жақсы заңнамалық база қалыптасқан деп айта аламыз.
1995 жылды, яғни парламенттік және өкіметтік дағдарыс кезеңін еске алайық, онда ел экономикасына қоса елдің саяси тағдырына да қауіп төнген болатын. Дәл сонда, Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев, жер қойнауы байлықтарын пайдалану саласын дамытудың маңыздылығын біле тұрып, өзіне берілген төтенше өкілеттіктерді басшылыққа ала, заң күші бар бірқатар Жарлықтарға қол қойды, соның нәтижесінде жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды реттеуге арналған құқықтық база фундаменті пайда болды. Осы Жарлықтар: «Лицензиялау туралы», «Жер қойнауы және оны пайдалану туралы», «Мұнай туралы», «Салықтар және өзге міндетті төлемдер туралы» және басқалары. Бұдан әрі осы Жарлықтар толықтырылып, еліміздің заңды мәртебесін алды, жер қойнауын пайдалану саласындағы күрделі қатынастарды реттейтін бірқатар басқа заңды, үкіметтік және ведомстволық құқықтық актілер қабылданды.
Экономиканың осы саласына ең ірі шетелдік инвестициялар тартылғандықтан, ондағы қарым-қатынастар оған қоса, инвестицияларды пайдалану мен қорғау мәселелеріне арналған құқықтық актілермен реттелетінін айту қажет. Яғни, күрделі құқықтық актілер жүйесі бар, жер қойнауын пайдалану саласының ойдағыдай дамуы сол актілерді дұрыс қолдануға байланысты болады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы экономикасының осы саласындағы қатынастарды дұрыс және тиімді реттейтін заңдар жоқ деушілерге келісуге болмайды. Бұл жерде заңдарды жетілдіру, бұдан әрі жүйелендіру және дұрыс қолдану, бір біріне қайшы, кейде жанжалды жағдайларды тудыртын үкіметтік және ведомстволық құқықтық актілер санын қысқарту туралы айтылуы мүмкін. Осы жерде жұмыс бастан асып тұрады. Қазіргі таңда жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдарды қолдану тәжіибесі ойдағдай еместігін, оның салдары шаруашылық субъектілер қызметіне теріс әсер жасайтынын ренішпен айтуға болады. Заңдар мен өзге құқықтық актілер ережелері көбіне мемлекеттік бақылау органдарының және мемлекеттік қызметкерлердің үстемдік билігін жүргізу мақсатына пайдаланылады. Көптеген құқықтық актілер жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс жасайтын компаниялардың қаржылық-шаруашылық қызметіне араласуға негіз ретінде, мемлекеттік бюджетті негізсіз және заңсыз толтыру көзі, экономиканың осындай немесе ұқсас саласында монополияны бекіту құралы ретінде пайдаланылады.
2. Заң шығарушылық процестің жер қойнауын пайдалану саласындағы проблемалары
Осы проблемалар әртүрлі құқықтық форумдар - конференциялар, семинарлар трибунасынан талай рет талқыланды, дегенмен «жүк арба әлі орнында». Бос сөз болмауы үшін заң шығару саласында ойсыз шығармашылықтың бір мысалын келтіремін. Осылайша 2004 жылғы желтоқсанда бірқатар мемлекеттік ведомстволардың бастамасымен «Мұнай туралы» Заңның 30-5 бабына өзгерістер енгізілген болатын, соған қатысты шырақта от жағуға мүлдем тыйым салынды. Осы заң новелласы мұнай газ саласында жұмыс жасайтын ешбір қазақстандық кәсіпорынның газды шырақта жақпауын, ал оны пайдаға асыру технологиясының болмауын есептемей қабылданды. Осылай «заңнамалық қалам ұштың» сызуымен мұнай газ саласының барлық өндіруші кәсіпорындары «заңнан тыс» болып шыға келді, осының салдарынан оларға қатаң материалдық сипатта, ондаған миллион доллар болатын айыппұл салынды. Мұнай газ өндіруші және қайта өңдеуші кәсіпорындардың осы таңдағы технологияларын кемеліне жетпеген деп айту қиын, бірден өзгертуге болмайды, сондықтан бұл күрделі өндірістік және технологиялық кешендер. Сондықтан, оларды өзгерту үшін бірнеше жылдармен есептелетін уақыт қажет. Осы заң жүзіндегі ереже 11 ай бойына күшінде болды және осы кезеңде кәсіпорындар 10-есе мөлшерде төлем төлеуге мәжбүр болды, себебі құзыретті мемлекеттік органдар өздерінің бұрынғы бекіткен шырақта газ жағуға мүмкіндік беретін технологияларына сәйкес, оларға арнайы рұқсат қағаздарын беруге қарсы болды. Сайып келгенде, 2005 жылдың аяғында мұнай газ өндіруші кәсіпорындардың, Қазақстандық Мұнай Ассоциациясының (АРК), Қазақстандық мұнай газ саласы заңгерлер Ассоциациясының (KPLA) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзінің, Парламенттің бастамасы бойынша, ағымдағы жағдайды ескере отырып, түзету енгізді және осы заңнама нормасын өзгертті, сонымен қатар оны іске асырудың механизмдерін белгіледі. Әрине, қоғам үшін экологиялық жағдайдың сәтті болуы туралы мәселе әрқашанда маңызды, бірақ осы мәселені жер қойнауын пайдаланушылар мен шаруашылық субъектілердің құқықтарын бұзбай әбден ойланып шешу қажет. Елдің заңдылық базасы ел экономикасының тиімді дамуына ықпал етуі тиіс, қазіргі проблемалар тыйым салынбау жолымен түпкілікті шешілуі тиіс, қабылданатын мемлекеттік шаралар шаруашылық субъектілердің құқықтарын кемітпеуге бағытталуы тиіс. Бұл маңызды мәселеде мүдделер теңгерімі сақталуы қажет.
Соңғы жылдардағы құқықтық шығармашылық тәжірибе жер қойнауын пайдалану саласын реттейтін заңдарға жиі өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін көрсетеді. Бұл жағдайды мен теріс факті деп бағалаймын. Заңгер салалық ведомстволардың, ұлттық компаниялардың тізгінінде кетпеуі тиіс және заңдық ережелер арқылы мұнай газ саласына қатысты үлкенді-кішілі мәселелерді реттеуге тырысуы қажет. Заңдар қаншалықты көп рет және жиі өзгерген сайын қарым-қатынастардың реттелуіне көп былықтар енгізіледі, осы заңдардың алғашқы мәні жойылады. Заң шығармашылығы керітартпалық жолды жақсы көреді. Заңдар өндірістік қоғамдық қатынастар реттелетін салада туындайтын маңызды және негізгі қатынастарды реттеуі тиіс, осы актілер ведомстволық деңгейге төмендемеуі тиіс. Экономиканың кез келген саласында «балды» негізінен заңды ережелер басқармауы, яғни нарықтық институтар басқаруы тиіс. Заңдар шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыруда жалпы принциптерді белгілеуі тиіс, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғау үшін оларда кішігірім императивтік нормалар саны, осы қатынастар субъектілерінің құқықтары болуы тиіс, кәсіпорынның қалыпты заңды қызметіне олар кедергі болмауы тиіс. Тек осындай жолмен ғана тиісті құқықтық тәртіп туралы айтуға болады.
Осы арада біздің елімізді жер қойнауын игеру жөніндегі бай тарихы бар елдерге жатқызуға болатынын айту қажет, егер көмірсутегі шикізатын өндіру туралы айтатын болсақ, Қазақстан мұнай өнеркәсібінің даму бастауы 1898 жылға тіреледі, онда Ембі (қазіргі Атырау облысы) ауданында жоғары сапалы мұнай өндірудің екі кеніші ашылды және өңделе бастады - Доссор (1898 жылдан бастап) және Мақат (1915 жылдан бастап). Осы тұста Ембідегі ең көп мұнай өндіру 1914 жылы 272 мың тоннаны құрады. Энергетика жөніндегі халықаралық агенттік («YE 96»)[189] мәліметтері бойынша Қазақстандағы іздестіру-зерттеу жұмыстарына байланысты жүз жыл бойы көмірсутегі шикізатының 153, соның ішінде 80 - таза мұнай, 24 - табиғи газ бен мұнай, 21- мұнай конденсаты, 5 - газ конденсаты, 19 - табиғи газ кеніші ашылды. Елдің аумақтық кен орындары әлемдік мұнай қорларынң 2,7 көлемінен тұрады. Дегенмен, Қазақстанның халықаралық мұнай алаңында маңызын атай отырып, осы жалпы көлемге каспийдегі оффшорлық кеніштердің потенциалын қосуға болады.
Жоғарыда келтірілген мәліметердің Қазақстан Республикасының әлі көп жылдар бойы көмірсутегі шикізатының мол потенциалы бар ел болатынын және әлемдегі мұнай және газ нарығында Қазақстанның орны салмақты болатынын дәлелдейді, сондықтан мұнай газ саласын дамыту мәселелерін зерттеу, осы салаға көптеген инвестицияларды, соның ішінде шетелдік және ұлттық инвесторлардың қаражаттарын тарту, осы қатынастарды құқықтық реттеу, дұрыс сот және өзге құқық қолданымды тәжірибелерді қалыптастыру актуальдық тақырып болып табылады.
3. Жер қойнауын пайдалану саласындағы даулы мәселелер
Жер қойнауын пайдалану саласында және инвестициялық қызмет саласындағы құқық қолданым тәжірибесінде болатын бірқатар проблемаларды талқылау мен мән беретіндеріңізге сеніммен қарағым келеді.
Келісім-шарттық ережелердің тұрлаулылығы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жер қойнауын пайдалану саласы туралы айтатын болсақ, өткен ғасырдың 90- жылдарының басында Қазақстан жер қойнауын пайдалану саласына бірінші едәуір шетелдік инвестицияларды тартты, онда әлі мұнай газ секторында қатынатарды реттеу тәжірибесі тиісті деңгейде емес еді, нарықтық экономикаға бағытталған жеткілікті заңдылық база жоқ еді, өнеркәсіпке де және ең маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге де жеткілікті қаражат болмады. Әрине, осындай дағдарыс жағдайында Қазақстанға келген шетелдік инвестор мұнай газ саласын дамытуға едәуір ақшалай қаражат бере отырып, осындай келісімшартқа қол қою жолымен өзінің мүддесін барынша қорғауы тиіс, келісімшарт өз ақшасын қайтарып қоймай нақты пайда келтіруге мүмкіндік беруі тиіс. Осындай қиын саяси және экономикалық жағдайда бірінші инвестициялық шарттарға қол қойылды, бірінші келісімшарттар жасалды, онда жер қойнауын пайдалану құқықтары берілді, екі тараптың да мүдделік теңгерімін қамтитын инвестициялық жобаларды іске асыру шарттары айтылды.
Қазақстан Республикасы шетелдік инвесторларға белгілі салықтық жеңілдіктер және преференциялар берді, экспорттық-импорттық және валюталық операцияларды жүзеге асыру үшін және шетелдік жұмыс күштерін тартуға және т.б. ерекше жағдайлар жасады. Барлық осы ерекше ережелер келісімшарттарда бектілді, ал келісімшарттардың өзі, қағида бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен немесе Президенттің арнайы актілерімен бектілді. Әдейі осындай жолды таңдау Қазақстанға пайдалы және тартымды инвестициялық тәртіпті жасау,а мүмкіндік береді,, мұнай газ саласында ғана емес, экономиканың шикізаттық емес салаларында да экономиканы тез көтеруге, өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндік беретін фактор болып табылады. Шетелдік инвестицияларды тарту күрделі әлеуметтік проблемаларды шешуге, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы экономикалық қатынастарда нағыз серік болуына себеп болды.
Қазірде, бірсыпыра саяси және экономикалық тұрлаулылық жағдайында жер қойнауын пайдаланудағы бірінші инвестициялық шарттар мен келісімшарттарды сынаушылар көбейіп отыр, олар шетелдік инвесторлардың алдында Қазақстан өзін пайдасыз жолға қойды деп есептейді, жасалған келісімшарттарды, мемлекеттің және қазақстандық қоғам мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында қайта қарау қажет деп санайды. Заңгер есебінде мен бұған келісе алмаймын, осындай ұсыныс жасаушылар тарабына шыға алмаймын, оған мынадай негіздерді қарсы қоямын.
Біріншіден, жер қойнауын пайдалануға бірінші инвестициялық шарттар мен келісімшарттарды бекіту кезінде, Қазақстанда бірқатар маңызды заңдар мен өзге актілер болған, соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі отандық шаруашылық субъектілерге шетелдік инвестицияларды тартуға және оларға нақты жеңілдіктер мен преференцияларды беруге мүмкіндігі болды. Мысалы, 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақ КСР «Қазақ КСР шетелдік инвестициялар туралы» Заңының (күші жойылған) 3-бабы бойынша мыналар белгіленді: «Қазақ КСР аумағында шетелдік инвестициялар тақырыбына үлестік қатысы кеңестік заңды тұлғалар болатын кәсіпорындар, акциялар және басқа құнды қағздар, өзге мүліктер, сондай-ақ Қазақ КСР аумағында шаруашылық және өзге қызметтерді жүзеге асыруға Қазақ КСР -дағы табиғи ресурстарды пайдалану үшін сатып алынған мүліктік құқықтар жатқызылуы мүмкін».
Аталмыш Заңның 9- бабы мыналарды анықтады: «шетелдік инвестицияны тарту әскери мақсатта тікелей өнім шығарудан басқа кез келген шаруашылық және өзге қызметтер саласына рұқсат берілді». Шетелден қатысқан заңды тұлғаларға жалдау шарттары, жұмыстан босату, еңбек тәртібіне қатысты мәселелерді, сондай-ақ кәсіпорының барлық қызметкерлеріне жеңілдіктер, кепілдіктер мен өтемақы беруді дербес шешу құқығы берілді (аталмыш Заңның 12-бабы). Қазақстанға шетелдік инвесторлармен сатуға арналмай әкелінген инвестиция ретіндегі мүлкіктеріне кедендік баж салығы салынбады (аталмыш Заңның 16 - бабы).
Қазақ КСР жоғарыда аталған Заңының 20 - бабына сәйкес шетелдік инвесторларға сол кездегі қолданыстағы салық заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа қосымша салық жеңілдіктері арастырылды, мысалы:
Ø егер шетелдік инвестордың жобадағы үлесі 30% артық болған жағдайда және егер онымен бірлесе құрылған заңды тұлғалар аталған заңның қосымшасында көрсетілген нақты өнімдер өндірісі мен қызмет көрсетумен айналысқан жағдайда, олар табыс туралы бірінші жариялаудан кейін 5 жыл бойы табыс салығынан босатылды және келесі 5 жыл бойы табыс салығын 50% төмендетілген ақымен төледі;
Ø қайырымдылық игілігіне кеткен шығындар табыс салығынан мүлдем босатылды.
Қазақстан Республикасы шетелден қатысқан заңды тұлғалардың қызметі мен таратылуынан, сондай-ақ аталған кәсіпорындардағы өздерінің үлестерін сатудан болған табыстарын шетелге еркін аудару құқығына кепілдік берді (аталмыш Заңның 26-бабы).
Екіншіден, сол кездегі қолданымдағы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 мамырдағы «Жер қойнауы және минералдық шикізатты өңдеу туралы» №1367а-XII Кодексі (күші жойылған) бойынша жер қойнауын пайдалануға шетелден қатысқан кәсіпорындарға, сондай-ақ шетелдік заңды және жеке тұлғаларға келісімшарттар мен концессиялар[190] шарттары бойынша мүмкіндік берді (10-бап). Осының нәтижесінде, аталған субъектілерге жер қойнаулары шарт жасасу негізінде пайдалануға берілді, онда жер қойнауларын пайдалану мерзімдері мен талаптары; экологиялық талаптар; пайдалы қазбаларды қолданудың жылдық көлеміне квоталар; жер қойнауын пайдалануға төлем мерзімдері мен төлем мөлшері; жер қойнауын қорғау жөніндегі шаралар; қолданылатын технологияларға ерекше жағдайлар; берілетін жеңілдіктер және басқалары қарастырылды (Кодекстің 14 бабы).
Үшіншіден, сол кездері жер қойнауы мен жер телімдерін шетелдік инвесторлардың пайдалануы үшін рұқсат беруге мемлекеттің қолданысында басқа да нормативтік құқықтық актілер болды, мысалы Қазақ КСР 1990 16 жылғы қарашадағы Жер Кодексі; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1992 жылғы 3 шілдедегі №1516-XII Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерін жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорындарға, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдарға, шетелдік заңды және жеке тұлғалар мен азаматтарға жерді пайдалануға беру тәрібі туралы» Ережесі (күші жойылған); Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1992 жылғы 8 желтоқсанда №1034 Қаулысымен бектілген «Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы ақпаратты іске асыру (тапсыру, алмастыру, сату) тәртібі туралы» Ережесі (күші жойылған) және басқалары болды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер қойнауын шетелдік инвесторларға және шетелдік заңды тұлғаларға пайдалануға негізсіз, мемлекеттің мүдделерін ескермей және қолданыстағы құқықтарды бұзып бергені туралы айтушы «қазіргі сыншылардың» пікірлері, сондай-ақ олардың жер қойнауын пайдаланушыларға берілген нақты жеңілдіктерді және преференцияларды қайта қарау қажет деген бастамалары негізсіз болып табылады және олардың өткен ғасырдың 90-жылдарының басындағы, яғни шетелдік инвесторлардың ел экономикасын көтеру процесі мен оның нарықтық негізге көшуіне тартылғандығын ескермегендері нағыз экономикалық жағдайдан алшақтығын білдіреді. Керісінше, елдің қазіргі жетістіктері, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жасаған қадамдарының дұрыстығын дәлелдейді, ал қазіргі таңда қолданылып жүрген заң ережелері жасалған келісімшарттардың, сондай-ақ қатаң ережелер мен осы келісімшарттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тұрлаулылыққа кепілдік беруді қарастырады.
Сол кезде жасалған келісімшарттардың ережелері сақталуы тиіс, ақырында олар біржақты мемлекеттің немесе ұлттық компаниялардың бастамасымен өзгертілуі мүмкін емес, себебі қазірде қолданыстағы құқықтық актілердің талаптарына қайшы келген болар еді. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 383 бабын алып қаралық, онда «шарт жасалған сәтте белгіленген тараптардың екеуіне де міндетті заң ережелеріне (императивтік нормаларға) сай болуы тиіс. Егер шарт жасалғаннан кейін, тараптардың екеуіне міндетті болатын, осы шартта жасалған сәтте белгіленген ережелерден өзгеше ережелер белгіленетін болса, жасалған шарттың талаптары күшін сақтайды, тек бұған оның күші бұрыннан жасалған шарттардан туындаған қатынастарға да таралады деп белгіленген жағдайлар кірмейді» деп жазылған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы №373 «Инвестициялар туралы» Заңындағы 4 бабтың 3 бөлігінде былай айтылады: «Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының арасында жасалған шарт талаптарын тұрлаулылығына кепілдік береді, тек шартқа енгізілетін өзгерстер тараптардың келісімімен жүзеге асырылған жағдайлар қосылмайды» ол кепілдіктер тарамайтын екі ерекше жағдай ғана бар: «Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгерістер және (немесе) күшіне ену және (немесе) және (немесе) импорт, өндіріс тәртібі мен шарттары, акциздік тауарларды сату өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары өзгеретін болғанда»; сондай-ақ «ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті[191], денсаулықты сақтау және өнегелілікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда».
«Жер қойнауы мен оны пайдалану туралы» Заңның 71 бабында бекітілген ережелерге сәйкес «жер қойнауын пайдаланушының құқығы заңдарға сәйкес кепілденеді. Жер қойнауын пайдаланушының жағдайын төмендететін заңдарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейінгі жасалған келісімшарттарға қолданылмайды». Осы кепілдіктер таратылмайды: «Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігі, ұлттық қауіпсіздігі саласында, экологиялық қауіпсіздік және денсаулық сақтау саласын қамтамасыз етуге арналған заңдарға өзгеріс енгізуге болмайды». Осындай ереже Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы №2350 «Мұнай туралы» Заңының 57 бабында бекітілді. Келісімдер шарттарының тұрлаулылығы жөніндегі мәселелер Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №68 «Теңізде мұнай операцияларын жүргізу кезіндегі өнім бөлу туралы Келісімдер (келісімшарттар) туралы» Заңмен реттеледі.
Сонымен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында жер қойнауын пайдалануға бұрын жасалған инвестициялық шарттар мен келісімшарттар тұрлаулылығы туралы жалпы ережелер бекітілген және мемлекет олардың тұрлаулылығына кепілдік береді. Жалпы ережеден ауытқу жөніндегі қазіргі ерекшеліктер кең талқылауға жатпайды, біріншіден ұлттық қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау мен өнегелілікті, сондай-ақ акциздік тауарлар айналымы мәселелерін қамтамасыз етуге байланысты болып тұр. Осыған қатысты қоғамдағы кейбір пікірлер, сондай-ақ кейбір саясаткерлердің жер қойнауын пайдалануға арналып, бұрын жасалған инвестициялық шарттар мен келісімшарттарды қайта қарау жөніндегі пікірлері қолданыстағы құқықтарға қайшы келеді және Қазақстан Республикасының ұнамды инвестициялық имиджіне кері әсерін тигізеді.
Менің қозғағым келген екінші проблема, ол жер қойнауын пайдаланушылардың өнімдер мен материалдарды, мысалы күкірт сақтау, оларды уақытша орналастыру мен сақтауға қатысты міндетті төлемдеріне байланысты. Осы мәселе қазір «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнында өте актуальды, ал келешек ол мәселе жер қойнауын пайдаланушы ірі компанияға да «Аджип ҚКО» және Батыс Қазақстанның бірқатар кеніш орындарына сай келетін күкірт сутегісі жоғары құрамды мұнай өндірумен айналысатын жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың да алдында тұрады.
Осы проблема алғашында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі №1154 Қаулысымен бекітілген «Қоршаған ортаның ластануына рұқсат беру ережелері» (бұдан әрі-Ережелер) жариялануға байланысты пайда болды, «қоршаған ортаға әсер ету көздері ретінде уақытша сақталатын өнімдер мен материалдар», ұқсастығына қарай, жылына үш айдан артық ашық әдіспен сақталған жағдайда «өндіріс қалдықтары» санатына жатқызылды. Осы нақты жағдайда теориялық қате жіберілді, себебі құқық шығармашылығы процесінде ұқсастық болмауы тиіс, ұқсастық бойынша тек құқық қолданым тәжірибесінде[192] ғана заңды нормалар қолданылуы мүмкін.